Рус Қаз

Іске қосу-баптау жұмыстарын қалай тиімді жүргізу: кезеңдері

Жарияланды:

Іске қосу-баптау жұмыстарын қалай тиімді жүргізу

ПНР, яғни іске қосу-баптау жұмыстары — қандай да бір жабдықты немесе жүйені пайдалануға беру алдында жүргізілетін белгілі бір іс-шаралардың тұтас кешені. Бұл жұмыстар объектіні пайдаланудың бекітілген қағидаларына сәйкес белгіленген алгоритм бойынша жүргізіледі.

ПНР барысында:

  • барлық жабдықтың және оның жекелеген тораптарының, соның ішінде коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының монтаждау сапасын бақылайды;
  • объектіні техникалық сынап көруден өткізеді;
  • ПНР нәтижесінде алынған және бастапқыда талап етілген сипаттамаларға салыстырмалы талдау жасайды;
  • сынақтардың қорытындысы бойынша техникалық есеп жасайды;
  • объект жұмысының экономикалық тиімділігін есептейді және қажет болған жағдайда оның жұмыс істеуін жақсартуға бағытталған нұсқамалар әзірлейді.

Іске қосу-баптау жұмыстарының жоспарын мердігер компания әзірлейді және оны тапсырыс берушімен — объектінің меншік иесімен келіседі. 

Іске қосу-баптау жұмыстарының негізгі кезеңдері

Іске қосу-баптау жұмыстары мыналарды қамтиды:

  • дайындық кезеңі;
  • жабдық пен коммуникацияларды кіріс бақылау;
  • объектіні жұмысқа сынақтық іске қосу;
  • баптау операциялары (қажет болған жағдайда);
  • толық сипаттамасы және сынақ нәтижелері көрсетілген барлық қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеу;
  • жабдықты пайдалануға беруге болатынын куәландыратын акт құрастыру.

Операциялардың бүкіл реттілігі орындалып, барлық параметрлер мен көрсеткіштердің талап етілген мәндерге сәйкестігі анықталғаннан кейін ғана объектіні жұмысқа қосуға болады. Іске қосу-баптау жұмыстары қажетті тәртіппен, толық көлемде және жоғары жауапкершілікпен орындалуы тиіс. Сонда ғана пайдалануға берілетін жүйенің тиімділігі, жұмысқа қабілеттілігі және қауіпсіздігі күмән тудырмайды. 

Біздің «РСТМ-НС» компаниямыз инженерлік жүйелерді жобалау және монтаждау нарығында өзін тәжірибелі, білікті әрі жауапты орындаушы ретінде көрсете білді. Бұл — өзіне алған барлық міндеттемені орындайтын сенімді ұйым. Компания штатында инженерлік жүйелерді монтаждауға және оларға қызмет көрсетуге қатысты барлық жұмысты атқаруға қабілетті жоғары кәсіби мамандар бар. Орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын персоналдың білімі мен тәжірибесі қамтамасыз етеді.  Олар өз қызметінде инновациялық технологиялар мен жабдықтарды қолданады.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Қуана көмектесеміз!

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 701 544 14 95