Рус Қаз

Өндірістік үй-жайлардағы жылыту жүйесі қалай жұмыс істейді

Жарияланды:

Өндірістік үй-жайлардағы жылыту жүйесі қалай жұмыс істейді

Қандай үй-жайды қарастырсақ та, суық мезгілде олардың әрқайсысы жылуды қажет етеді. Цехтың жылыту жүйесін оны құрудың бастапқы кезеңінде-ақ ескеру қажет.

Сонымен, үй-жайға жылыту жүйесін орнатпас бұрын ондағы ішкі ортаға әсер ететін бірқатар факторды анықтау қажет. Ең алдымен ішінде қанша адам болатыны және олардың жұмыс сағаттарының саны ескеріледі. Егер жұмысшылар 8–10 сағаттан жұмыс істесе, үй-жайды 18–20 градусқа дейін жылыта отырып, олар үшін жайлы жағдай жасау қажет. Өндіріс адамның болуын талап етпейтін жағдайда онда ең төменгі температуралық режимді ұстап тұру жеткілікті. 

Жылыту қандай болады

Конвективтік және сәулелі жылыту болады, олар бір-бірінен қыздыру тәсілімен ерекшеленеді. Конвективтік тәсілде алдымен ауа, содан кейін ғана заттар қызады, ал сәулелі тәсіл ең алдымен заттарға, содан кейін ғана ауаға әсер етеді.

Жылыту жүйесі әртүрлі болуы мүмкін: ауамен, сумен, электрмен, газбен, отынмен жылыту және инфрақызыл жылыту. Әр түрінің өз артықшылықтары бар. Қай жүйені таңдайтыныңызды шешпес бұрын, оның сіздің өндірісіңізде қаншалықты тиімді болатынын анықтау қажет. 

Жылыту ерекшеліктері:

  1. Сумен жылыту. Бұл құбырлар немесе регистрлер арқылы ағатын ыстық суды пайдалануды білдіреді. Кәсіпорында қазандық болса, жылытудың бұл нұсқасы барынша қолайлы.
  2. Ауамен жылытудың жергілікті және орталық жүйелері. Белгілі бір нүктеге немесе белгілі бір жаққа бағытталған ыстық ауа пайдаланылады.
  3. Ағынды желдету қарастырылған орталық ауамен жылыту жүйесі.
  4. Газбен жылыту. Бұл жағдайда су қазандықтарда осы табиғи ресурстың көмегімен қыздырылып, одан әрі радиаторлар арқылы үй-жайға түседі.
  5. Инфрақызыл жылыту қабырғада, еденде және төбеде орналасуы мүмкін.

Таңдау мүмкіндігі шынымен де мол, сондықтан клиенттердің көпшілігіне күрделі шешім қабылдауға тура келеді.

Компания ұсыныстары

Егер сізге таңдау жасау қиынға соқса, «РСТМ-НС» компаниясы сіздің өндірісіңізде жылыту жүйесін таңдау мен орнатуда баға жетпес көмек көрсетеді. Мамандар барлық клиентке бірдей өнімді ұсына бермейді. Алдымен жоба зерделеніп, жылуды сауатты жұмсауға мүмкіндік беретін идеялар алға тартылады. Барлық мәселе клиентпен келісілгеннен кейін монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Қуана көмектесеміз!

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 701 544 14 95