Рус Қаз

Су құбыры жүйесін тұрақты тексеру қаншалықты маңызды?

Жарияланды:

Су құбыры жүйесін тұрақты тексеру қаншалықты маңызды?

Сумен жабдықтау жүйелерінің авариясыз әрі тиімді жұмысы — инженерлік коммуникациялардың жұмыс істеуіндегі маңызды мәселе. Су құбырының жұмысқа қабілеттілігін тұрақты тексеру объектіге тиісті сападағы судың үздіксіз берілуіне кепілдік береді, судың ағып кетуі, бұзылулар сияқты төтенше жағдайлардың туындауына жол бермейді. Жүйелі түрде жүргізілетін профилактикалық жұмыстар бүкіл жүйенің және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қызмет ету мерзімін де ұзартады. Тұтастай алғанда, бұл су құбыры жабдықтарын жөндеуге және ауыстыруға кететін шығынды едәуір қысқартады.

Тексеру жиілігі

Су құбырына қызмет көрсету жиілігі оның конфигурациясының күрделілігіне, пайдалану қарқындылығына, жұмыс істеген мерзіміне қарай айқындалады. Ол мынадай болуы мүмкін:

  • жылдық су құбыры жүйесін тексеру — Астанада бұл мүмкін болатын ең ұзақ тексеруаралық кезең, жүйені бұдан сирек тексеру ұсынылмайды;
  • жарты жылдық қызмет көрсету — сумен жабдықтау жүйесіне жоғары жүктеме түсетін жағдайда қолданылады, көппәтерлі тұрғын үйлерде, қонақ үйлерде, медициналық мекемелерде және оқу орындарында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігінде тексерулер осындай жиілікпен жүргізіледі;
  • тоқсан сайынғы (және одан да жиі) тексерулер — ірі өнеркәсіптік объектілерде, сондай-ақ су құбыры күрделі жағдайларда, мысалы, жоғары ылғалдылықта немесе жоғары температурада жұмыс істеген кезде жүргізіледі.

Су құбырына жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге не кіреді

Орындалатын операциялардың тізбесі пайдалану жағдайлары мен сумен жабдықтау ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін, бірақ кейбір рәсімдер әрдайым орындалады. Олар:

  • құбыржол мен оның элементтерін (крандарды, қосылыстарды) ағып кетудің, тоттанудың, деформацияның бар-жоғын анықтау үшін көзбен шолып талдау, бұл ретте шығын өлшегіштердің көрсетілімдері алынып, жүйеде жұмыс істейтін датчиктер тексеріледі;
  • сүзгілерді тазалау, ал қажет болған жағдайда — ауыстыру;
  • сорғыларды қарап-тексеру және баптау, олардың жұмысын талдау, шу мен діріл деңгейін анықтау, майлау, бөлшектерді ауыстыру;
  • құбыржолдарды шаю, олардың сыртқы бетін тот пен кірден тазалау.

Тығыздағыш элементтердің күйі мен бекіту механизмдерінің жұмысқа қабілеттілігі міндетті түрде тексеріледі. Жүйенің құрамында су жылытқыштар болса, олар да тексеріліп, қақтан тазаланады, термостаттар мен сақтандыру клапандары сынақтан өткізіледі.

Тұрақты түрде Астанада су құбыры жүйесін тексеру — «РСТМ-НС» компаниясы көрсететін қызметтердің бірі. Сумен жабдықтау тораптарына техникалық қызмет көрсетуді компания мамандарына сеніп тапсырыңыз, белгіленген профилактикалық іс-шараларды орындаңыз — бұл ықтимал авариялардың алдын алып, жөндеу жұмыстарына кететін шығынды азайтады.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Қуана көмектесеміз!

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 701 544 14 95