Рус Қаз

Жаңа құрылыстардағы сантехника монтажы: нені ескеру керек

Жарияланды:

Жаңа құрылыстардағы сантехника монтажы

«Жаңа құрылыс» сөзінің өзі — барлық жұмыстың, соның ішінде санитариялық-техникалық жұмыстардың да алғаш рет орындалатынының айғағы. Ал санитариялық-техникалық коммуникацияларды жайластыру процесі мүлдем оңай емес, қымбат әрі жауапты. 

Санитариялық-техникалық монтаждауды «РСТМ-НС» компаниясының мамандары жоғары деңгейде, жоғары сапамен және қолжетімді бағамен орындайды.

Бастапқы кезеңдері мен ерекшеліктері қандай? 

Жаңа құрылыста сантехниканы жайластыруға басынан бастап ұтымды әрі сапалы тәсілмен қарау ванна бөлмесін, дәретхананы, ас үйді кейін пайдалануды жайлы әрі қиындықсыз етеді. Бұлай болуы үшін сантехника құбырларын тарату жұмыстарын жүргізудің белгілі бір ерекшеліктерін ескеру қажет. 

Шешім қабылдау кезінде мына кезеңдер қарастырылады:

  • Сантехника бұйымдары мен басқа да жабдықтың орналасуын жоспарлау. 
  • Монтаждаудың ең қолайлы тәсілін таңдау. 
  • Құбырларды таратудың техникалық схемасын және спецификацияны пысықтау. 

Жаңа құрылыстағы кешенді тарату жұмыстарына кіретін операциялар тізбесі:

Құбырларды тарату:

  • сумен жабдықтау құбырлары;
  • кәріз құбырлары.

Монтаждау мен қосу:

  • жылыту жүйелері;
  • санитариялық-техникалық жабдықтар мен аспаптар;
  • ыдыс жуатын және кір жуатын машиналар;
  • бойлерлер мен су жылытқыштар;
  • люктерді жайластыру 

Қызмет алу үшін неліктен біздің компанияға жүгінген дұрыс? 

Санитариялық-техникалық монтаждау оңтайлы схема негізінде жүргізіледі, ал құбыр тарату жөніндегі кәсіби сантехник әр кезеңді жүргізудің барлық ерекшелігін жетік біледі. Сапасы жағынан ең үздік материалдар мен арматураны таңдау да оның міндетіне кіреді. 

Сумен жабдықтау схемасын әзірлеу кезінде тізбектей тартудың ең оңтайлы нұсқасы ұсынылады. Жаңа құрылыстағы сумен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану үшін тік құбырдың негізгі құбырынан кейін бекіту крандары мен қысым редукторы монтаждалады. 

Біздің компания орындайтын санитариялық-техникалық монтаждау баға/сапа арақатынасы тұрғысынан мінсіз болады. 

Біздің айқын артықшылықтарымыз:

  • жұмыстың барлық кезеңіндегі кепілдендірілген сапа;
  • жобаның барлық шартын тапсырыс берушімен міндетті түрде келісу;
  • тек жоғары технологиялық материалдарды қолдану;
  • жұмыс сапасын арттыратын инновациялық жабдықтар мен құралдарды қолдану;
  • орындалатын барлық жұмыстың реттілігін қатаң сақтау;
  • орындаудың ең қысқа мерзімдері;
  • және, әрине, мамандардың жоғары кәсібилігі.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Қуана көмектесеміз!

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 701 544 14 95