Рус Қаз

Кеңсе ғимараттарына арналған заманауи желдету жүйелері

Жарияланды:

Кеңсе ғимараттарына арналған заманауи желдету жүйелері

Қызметкерлер уақытының едәуір бөлігін өткізетін кеңселерде жайлы еңбек жағдайларын жасау — маңызды міндет. Бұл жұмыстың негізгі элементтерінің бірі — сапалы желдету жүйесін құру.

Кеңсе ғимараттарындағы желдетудің маңызы

Кеңсе үй-жайлары — адамдар, техника және жиһаз көп шоғырланған орындар. Тиісті желдету болмаса, мұнда көмірқышқыл газы, шаң және ауаны ластаушы басқа да заттар тез жиналады. Бұл қызметкерлердің өзін-өзі сезінуінің нашарлауына, олардың өнімділігінің төмендеуіне, тіпті кейбір аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Заманауи желдету жүйелері таза ауаның келуін және оңтайлы микроклиматтың сақталуын қамтамасыз ете отырып, осы мәселелерді шешеді.

Ғимараттарда желдету жүйелерін жобалау мен монтаждау саласында қандай жаңа технологиялар пайда болды және бұрынғы технологиялардың қайсысы жетілдірілді?

Энергия тиімділігі

Жылу рекуператорларын пайдалану шығындарды барынша азайтады. Бұл құрылғылар шығарылатын ауадан жылуды «тартып алып», ағынды ауаны қыздырады, нәтижесінде оның температурасы бөлме температурасына іс жүзінде жақындайды, бұл оны қыздыруға жұмсалатын шығынды едәуір азайтады. Үй-жайдағы микроклимат параметрлерін басқарудың автоматты жүйелері де электр энергиясына кететін шығыстарды азайтуға көмектеседі.

«Ақылды» басқару

Заманауи желдету жүйелерінің конфигурациясына көбіне зияткерлік контроллерлер енгізіледі. Олар желдетудің жұмыс қарқындылығын қандай да бір параметрлерге, ең алдымен үй-жайдағы температураға байланысты автоматты түрде реттейді. Сондай-ақ желдету ауаның ластану деңгейіне, үй-жайдағы адамдар санының көп не аз болуына қарай азырақ немесе көбірек қарқынмен жұмыс істей алады. Мұндай жүйелер «Ақылды үйдің» басқа элементтерімен интеграцияланып, климатты басқарудың біртұтас шешімін құра алады.

Ауаны сүзу

Кеңселерде шаңды, басқа да қалқыма бөлшектерді, микроорганизмдерді тиімді жоятын көпсатылы сүзгілерді пайдалану қажет. Ауаны зиянды газ тәрізді заттардан  тазартатын химиялық сүзгілер де бар. Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары қалаларда аса маңызды.

Дыбыстан оқшаулау

Заманауи инженерлік шешімдер жұмыс істеп тұрған жабдықтан шығатын шу деңгейін барынша төмендететін материалдар мен технологияларды пайдалануды көздейді, бұл жайлырақ жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Заманауи желдету жүйелеріне салынған инвестициялар энергия шығындарын үнемдеу есебінен ғана емес, қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуы арқасында да өтеледі. Таза ауа зейінді шоғырландыруды жақсартуға және стресс деңгейін төмендетуге ықпал етеді, бұл ұжымның жалпы көңіл күйіне оң әсер етеді. «РСТМ-НС» ЖШС ұсынатын заманауи желдету жүйелері — қызметкерлердің денсаулығы мен бизнес тиімділігіне салынған инвестиция.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Қуана көмектесеміз!

WhatsApp-қа жазыңыз: +7 701 544 14 95